• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:54:04
Алматы
+35°

Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің қызметкері фирма иесінен 60 млн теңге пара алғаны үшін сотталды.

Сот мәліметіне сай, 2019 жылдың 5 шілдесінде облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аға-офицері жеке компания иесін есептелген салықтар мен өсімпұлдарды азайту мәселесін реттеу үшін пара беруге итермелеп, оның 60 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденген деп айыпталды.

Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аға-офицерді 12 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. 

Оның кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің мәлімдемесі, тергеу, жедел-іздестіру іс-шарасы хаттамалары, сот сараптамасы қорытындысы арқылы расталған.

Сонымен қатар, сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір