• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:27:58
Алматы
+35°

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай әл-Фараби атындығы Қазақ ұлттық университетінде «Елбасы саябағы» ашылды. ҚР тұңғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне ашылған бұл саябақта 300ге жуық алма, өрік, шие т.б. жеміс ағаштарының түрлерін кездестіруге болады. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне  келген сапарында Елбасы «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – жаңа Қазақстанның білімі мен ғылымының алдыңғы шебі» деп атап өтіп, университеттерге үлкен үмітпен қарайтынын білдірген еді. Сонымен қатар Елбасы республикамыздың басқару жүйесінде отырған білікті мамандар мен талантты ғалымдардың, дарынды педагогтардың үлкен тобы осы киелі шаңырақтан шыңдалып шыққанын баса айтқан болатын. Сол себептен қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Елбасына айрықша тарту жасау туралы шешім қабылдап, Елбасы саябағына қызу жұмысқа кірісті.Осы еңбектің нәтижесінде тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай әл-Фараби атындығы Қазақ ұлттық университетінде «Елбасы саябағы» ашылды. Елімізде болып жатқан карантинге байланысты ағаш отырғызу жұмыстарына карантиндік талаптарды сақтай отырып, арнайы қызметкерлер жұмылдырылды.

Алдағы уақытта қалашық маңында орналасқан ғимараттар мен жатақханаларға жеміс ағаштарын отырғызу және қалашықты көріктендіру көзделіп отыр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір