• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:47:35
Алматы
+35°

Парламент мәжілісінің жалпы отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазіргі таңда 1200 ауылды мекенде мүлдем интернет жоғын атап айтты. Оның ішінде 510-да интернет сапасы өте төмен.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин министрден елде қашан кең жолақты қолжетімді интернет болатынын сұрады.

– Қашан кең жолақты қолжетімді интернет болады? Осы сұрақ неден туындады десек, жыл сайын сіздің алдыңызда болған министрлер де парламентке келіп, 1 жылға немесе 2 жылға шегеріп келді. 2020 жылы бірінші уәде болды. Қазір 2021 жыл. Сіз енді 2022 жыл деп жылжытып бастадаңыз. Осы уәделеріңізден қашан нәтиже болады, қашан аяқталады?!, – деп Нұрлан Нығматулин Б. Мусинге қарата сұрақ қойды. 

Министрдің айтуынша, 2020 жылдың соңына дейін құрған жоспардың ішінде техникалық жағдайларға сай 510 елді мекенде сапасы төмен интернет берілген. 2022 жылдың соңына дейін бұл жерлерде интернет сапасы жоғарылайды.

Мәжіліс төрағасы Б. Мусинге барлық жоспардың орындалуын сұрап, жасалған жұмыстың нәтижесін көрсетуді талап етті.

– Жас министрсіз, қызметке кіріскеніңізге көп болмады. Парламент сізді қолдады. Осы жұмыстардан бір нәтиже шығарыңызшы. Елден, халықтан ұят емес пе?! Бұрынғы министрлер бес рет уәде берген, айтқан мерзімді 5 рет жылжытты. Бүгін 2022 жыл деп айтып отырсыз. 2012 жылдан бастап есептесек, 100 пайыз интернетпен қамтамасыз етеміз деген. Бұл космосқа барып, Марсқа алып баратын жоба емесқой. Бүгінде Еуропаның басқа ауылдарына барсаң интернетпен толық қамтамасыз етілген. Бізде ештеңе жоқ. Өзіңіз 1200 ауылды мекенде интернет жоғын айтып отырсыз. Сондықтан 2022 жылы нәтиже күтеміз. Бізден қандай көмек керек, заңнама бойынша қолдауға дайынбыз, – деді Н. Нығматулин.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір