• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Қараша, 08:12:25
+12°

Ресей федарациясы Татарстан автономиялық республикасының астанасы Қазанда қаруланған ер адам мектепке шабуыл жасап, оқ атты. Соның салдарынан 9 адам қаза тапты, бірнеше адам жараланды деп жазады mbk-news.appspot.com сайты.

Алайда бір деректерде қазақ тапқандар саны 11-ге дейін, кей деректе 13-ке дейін артқаны туралы ақпарат тарап жатыр.

Оқиға Қазан қаласындағы Джаудата Файзи көшесінде орналасқан №175 мектеп сабақ кезінде болған.

Полиция мектепке оқ атқан 19 жастағы Ильназ Галявиев есімді адамды ұстады. Күдікті бұрын осы мектепте оқығаны анықталды.

Күдікті бұл іске бармас бұрын, телеграм желісінен канал ашып, ойға алған ісі туралы жазғаны белгілі болды.

"Құдай секілді менің құлдарым екендеріңді мойындағандарыңды қалаймын. Барлығын, мен не қалаймын, соның бәрін істеулерің керек. Әрқайсысың 10-нан аса адамды жер жастандырып, өзіңнің де құрығаның жөн. Әлемде тірі жан қалмауы керек, бұл ғаламшардың қателігі" делінген бір жазбасында. 

Екінші жазбасында "бүгін көп биоқоқысты өлтіріп, өз-өзіме қол саламын" дейді күдікті.

Татарстан президенті Рустам Минниханов аталған деректі террористік әрекет ретінде бағалады.

Қазір қалада терроризмге қарсы операция режимі енгізілді. Барлық оқу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Татарстанда 12 мамыр – аза тұту күні болып жарияланды.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Казан Татарстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір