• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 08:54:00
Алматы
+35°

Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен мәжіліс бюросы Риддердегі тұрғындарға көмек көрсету үшін мәжіліс депутаттарының бір күндік жалақысын аудару туралы Қаулы қабылдады. Бұл туралы мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаражат Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына орман өрті салдарынан зардап шеккен тұрғындардың үйлерін қалпына келтіруге бағытталады.

Кеше Риддер қаласындағы шаруашылықтардың бірінде қураған шөп жанып, жалын ағаштарды шарпын, оның арты үлкен өртке ұласқан. Күшті жел салдарынан өрт көрші Лесхоз ауылына қарай жылдам таралып, тұрғынүйлер бірінен соң бірі отқа орана бастады. Соның салдарынан 35 үй, 9 ғимарат өртеніп, 1948 жылғы әйел қаза тапты, 1949, 1980 жылғы 2 адам зардап шекті.

Облыс әкімі Даниал Ахметов өрттен зардап шеккендердің барлығына  баспана берілетінін, оған екі жарым ай қажет екенін мәлім етті. Мүлік шығындары бойынша, арнайы комиссия жұмыс істеп, шығын құнын анықтайды және өтемақы тағайындайды.

Қазіргі уақытта тұрғынүй алқабы мен шаруашылық құрылыстарында өрт толық сөндірілген, орман алқабында сөндіру жұмысы жалғасып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір