• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:46:39
Алматы
+35°

Бір тәулікте елде 2350 адамнан коронавирус табылып, 22 науқастан пневмония анықталған. 24 адам коронавирустан, 2 адам пневмониядан қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы ресми саны 342 589 адамға жетсе, 2020 жылғы 1 тамыздан бастап жүргізіліп келе жатқан пневмония статистикасына сәйкес, 53 540 адамнан пневмония анықталған.

9 мамырдағы ақпарат бойынша 41 878 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 14 844 пациент стационарда, 27 034 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індетке шалдыққандардың арасында 798 адамның жағдайы ауыр, 190 пациенттің жағдайы өте ауыр, 104 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

2021 жылғы 9 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 678 604 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір