• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:23:52
Алматы
+35°

Covid-19-дың екінші толқыны кезінде Непал пандемиядан қатты зардап шегіп, Үндістандағыдай қиын эпидемиологиялық жағдайға тап болды.

Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай қоғамдары федерациясы бірлескен мәлімдемесінде ауруханалардың толып, Covid-19 пациенттеріне үлгере алмай жатқанын мәлімдеді. Үндістан шекарасына жақын оңтүстік қалаларда медициналық көмекке мұқтаж адамдардың саны артып келе жатқаны хабарланды. 

Ауырғандар өткен айдың осы уақытымен салыстырғанда 57 есе көп. Қазіргі уақытта Үндістанда бір күнде  вирус жұқтырған 414,188 адам тіркелді.

Непалда өткен жылы пандемия басталғаннан бері Covid-19-дың 359,610 расталған жағдайы тіркелді және 3 475 адам қайтыс болды. Соңғы төрт аптада 79 885 жағдай тіркелді. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Непал Коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір