• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:07:52
Алматы
+35°

Демократиялық партия бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамай NurOtan партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбектің талап арызы негізінде өткен азаматтық процессте Байбек тарапымен татуласудан бас тартты.

Азаматтық белсенді Қазақстан сотына сенбейтінін, бұған дейін өзіне қатысты қозғалған істер мен өзге де процесстерде әділ шешім шыққанын көрмегенін жеткізіп, ұстанымынан қайтпайтынын мәлімдеді. Ол бұған дейін де айтқанындай Бауыржан Байбекті ашық, тікелей эфирде өтетін дебатқа шығуға, сол жерде өз ойын айтуға шақырды. "Сонда ғана халық өз бағасын береді" дейді ол.

Б.Байбек-Ж.Мамай текетіресі белсендінің NurOtan партиясы төрағасының орынбасары туралы екі тілде видеоматериал жариялауынан басталған. Жанболат Мамай ол жерде UZUN Qulaq телеграм каналында, ашық дереккөздерде, бірқатар баспасөз беттерінде жарияланған ақпараттарды, деректерді негізге алып, Б.Байбекті Алматы әкімі болып тұрғанда "бюджет ақшасын "жеп" миллиардер атанды" деп айыптайды. Бұған жауап ретінде Б.Байбек NurOtan партиясының экс-депутаты, бүгінде youtube желісінде видеоблог түсірумен айналысып жүрген Тәңірберген Бердоңғарға сұхбат беріп, оппозиционердің айыптарын терістеп, оны сотқа беретінін мәлім етті. Мұнан соң Жанболат Мамай Қазақстан соты өзін жығып беретінін айтып, Байбекті тікелей эфир режимінде ашық дебатқа шығуға шақырған. Ұзамай NurOtan партиясы атынан мәжіліс депутаты атанған Елнұр Бейсенбаев Qazaqstan арнасының журналисі Нартай Аралбайұлының youtube арнасына сұхбат беріп, Жанболат Мамайдың Бауыржан Байбекті дебатқа шақыруын сынап, Мамайдың өзін дебатқа шақырады. Бұған жауап ретінде Мамай дебатқа басқа-басқаны емес, өзінің сөздерін "өтірік" деген, сотқа беретінін айтқан Бауыржан Байбекті шақырғанын жеткізген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір