• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:33:27
Алматы
+35°

Біздің әскеріміз және барлық күштік құрылымдар сырттан келген қауіп-қатерге тойтарыс беруге әрдайым сақадай-сай дайын болуға тиіс. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде мәлімдеді.

– Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс мейрамымен құттықтаймын! Халқымыздың ерлік дәстүрін танытатын қос мерекені биыл тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында атап өтеміз.  

Егемендіктің қадір-қасиеті – жердің тұтастығы мен елдің тыныштығында. Осы асыл құндылықтарды қарулы күштеріміз қас қақпай күзетіп тұр. 

Тәуелсіздік жылдарында тұңғыш президентіміз, елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында мемлекетіміздің мықты қорғаныс жүйесін қалыптастырдық. Әскеріміздің бес қаруын сайладық. Сарбаздарымыздың жауынгерлік рухын көтеріп, кәсіби машығын шыңдадық. Бүгінде армиямыз – елдігіміздің берік қалқаны, тәуелсіздігіміздің мызғымас тұғыры, – деді Тоқаев.

Оның айтуынша, ұлттық қорғаныс ісінде темірдей тәртіп сақтаулуы керек.

– Қазақстан – бейбітшілік пен тұрақтылықты қалайтын мемлекет. Бірақ ұлттық мүддеге нұқсан келтіретін кез-келген әрекетке тойтарыс бере аламыз. Соңғы уақытта  жер жүзінде түрлі қақтығыстар көбейіп кетті.

Сарапшылар алпауыт мемлекеттер арасындағы тартыстарды қырғи-қабақ соғыс кезеңіндегі ахуалмен теңестіруде. ТМД аумағында, тіпті, іргелес көрші елдерде жанжалдар пайда болып жатыр. Ескі дауларға қазіргі түйткілдер қосылып, жағдай күрделене түсті. Бұл – бәрімізді алаңдатып отырған мәселе. Сондықтан арқаны кеңге салмай, ұлттық қорғаныс ісінде темірдей тәртіп сақтауымыз керек.  Біздің әскеріміз және барлық күштік құрылымдар сырттан келген қауіп-қатерге тойтарыс беруге әрдайым сақадай-сай дайын болуға тиіс, – деді президент.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір