• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:57:27
Алматы
+35°

Бір ай бұрын жоғалған бұрынғы сенат депутаты Нұрлан Сүлейменовтің мәйіті табылды. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Құтқарушылар Н. Сүлейменовтің денесін Қарағанды облысы Нұра ауданындағы өзеннен алып шыққан. Полиция мәйітті сараптамаға тапсырған.

8 сәуірде Мыңбай ауылынан Тассуатқа жолға шыққан экс-депутат сол күйі хабарсыз кеткен. Арада екі күн өткен соң марқұмның "Митсубиси Паджеро" көлігі Нұра өзенінен табылды. Іздестіру жұмыстары бір айға жалғасқан болатын.

Нұрлан Сүлейменов сенаттың 4-5 сайланымының депутаты болған. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Нұрлан Сүлейменов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір