• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:16:33
Алматы
+35°

Әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны Бахытжан Нұртазин коронавирусқа қарсы екпе салдырғаннан кейін қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы азамат вакцинаның екінші дозасын салдырғаннан көз жұмғанын растап, өлімге не себеп болғаны анықталып жатқанын мәлім етті.

Басқарма дерегінше, Б.Нұртазин вакцинаның алғашқы дозасын салдыру үшін емханаға 12 сәуірде жүгінген.

"Процедура хаттамаға сай өтті. Ванцинациядан кейін Нұртазин 30 минут бақылауда болды. Денсаулығына шағымданбады. 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін алды. Дәрігер қараған кезде жағдайы қанағаттанарлық болған. 30 минут бақыланған соң Нұртазин үйіне қайтқан. Денсаулығы үйінде нашарлаған. Азамат жедел жәрдем келгенге дейін жүріп кетті" деп хабарлаған басқармадағылар әзірге қолда бар ақпарат бойынша, өлімге жүрек талмасы себеп болғанын айтады.

Басқармадағылар өлім себебін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатқанын, сотмед сараптама тағайындалғанын мәлім етті.

"Нәтиже қосымша хабарланады. Толыққанды диагноз гистологиялық зерттеуден кейін белгілі болады" делінген басқарма таратқан ақпаратты хабарламада.

Бұл – вакцина салдырғаннан кейін арты өлімге ұласқаны көпшілікке таралған Қазақстандағы алғашқы жағдай. 6 мамырдағы мәлімет бойынша, елде 1 млн 565 мың 681 адам короновирусқа қарсы вакцина салдырған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір