• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:31:31
Алматы
+35°

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәжілістегі "Nur Otan" партиясы фракция мүшелерінің Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтардың заңды еңбек ету мүмкіндігін пысықтау мәселесіне байланысты сауалына жауап берді.

Министр жауабында 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Оңтүстік Корея аумағында 8902 қазақстандық заңсыз еңбек мигранттары ретінде жүргені айтылады.

Оның айтуынша, Корея Республикасының шетелдік еңбек күштерін маусымдық жұмысқа тарту бағдарламасына (The Seasonal Worker) сәйкес, Қазақстан азаматтарын Оңтүстік Кореяның ауыл және балық шаруашылығы саласына маусымдық жұмыстарға тарту жөніндегі ұсынысты осы елдің тиісті мекемелері мен жергілікті провинцияларының әкімшілігі іске асыруға қызығушылық танытпаған. Бұған "Covid-2019" індетінің өршуіне байланысты енгізілген карантин шектеулері мен қазақстандықтардың кәсіптік икемділігі аталған бағдарламаға енгізілген салаларға (теңіз балық шаруашылығы, күріш өндіру саласы және т.б.) сай келмеуі себеп болған.

– 2020 жылғы 25-26 қараша аралығында Сеул қаласында "Орталық Азия – Корея Республикасы" ынтымақтастық форумының 13-ші отырысы аясында Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрімен болған келіссөздер барысында кореялық Еmployment Permit System – EPS ("Еңбек рұқсаттары жүйесі" - ЕРЖ) шетелдіктерді жұмысқа орналастыру жүйесіне қосылу мәселесін көтердім және корей тарапы оған жалпы қарсылық білдірмеді. Аталған ЕРЖ-ге қосылу үшін Кореяның жауапты мемлекеттік мекемелері ҚР тиісті мемлекеттік органымен жұмыс күшін жалдау туралы негіздемелік келісім жасауға тиіс. Кореялық тараптың негізгі талабы – Қазақстан Оңтүстік Кореяға еңбек мигранттарын жіберумен айналысатын арнайы мемлекеттік мекеме құруы қажет, – деді ол.

Қазіргі таңда жол картасы әзірленіп жатыр, оған сай Еңбекмин жанынан Көші-қон комитеті құрылмақ. Алайда бұл қазақстандық еңбек мигранттарының мәселесін түбегейлі шешпейді, өйткені, жүйеге қосылған жағдайда азаматтардың бір бөлігі ғана еңбек келісімі бойынша ресми түрде жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта осындай келісімдер Корея Республикасымен 16 ел арасында жасалған. Жүйе бойынша жыл сайынғы бөлінетін жалпы квота 50 мың орын болса, әр елге бөлінетін орын саны 3 мың шамасында екені көрсетілген.

Сондай-ақ Кореяда ел кіруге электрондық рұқсат беруді көздейтін пилоттық жоба іске қосылмақ. Оған сәйкес, туристер алдын ала "IOS" және "Google Play" мобильдік құрылғыларына арналған қосымшалар немесе веб-сайт арқылы жеке және жұмыс сапарына қатысты ақпаратты ұсынады. Ал бұл өз кезегінде еңбек мигранттары ағынын азайпақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір