• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:52:46
Алматы
+35°

Фото: Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент тасжолында жол апаты болып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент мәліметінше, оқиға 3 мамырда болған. "Самара-Шымкент" тасжолында, "Тұлпар" кемпинг маңында "ВАЗ-2105" көлігі мен "КамАЗ" жүк көлігі соғысқан.

Автокөлік жүргізушісі Қызылорда облысының 33 жастағы тұрғыны, жүк көлігінің жүргізушісі 40 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны екені анықталды. Апат салдарынан ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен 29 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлімі ("Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу") бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтөбе жол апаты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір