• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:48:33
Алматы
+35°

Қазақ КСР-нің халық әртісі, әншi, композитор Ескендір Хасанғалиевтің денесі Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленді. Бұл туралы Астана арнасы хабарлады.

30 сәуірде әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев 81 жасында коронавирустан қайтыс болған.

Басылым мәліметінше, қоштасу рәсімі композитордың өз шаңырағында өткен. Қаралы жиынға жиналғандар өнер иесін ақтық сапарға "Атамекен" әнімен шығарып салған. 

– Оның шығармашылығы, өнері халықтың жүрегінде қалады. Мен барша келген ағайындарға, бүкіл дәрігерлерге, жолдастарыма рахметімді айтамын. Папам менің жүрегімде мәңгі қалады, – деді композитордың ұлы Біржан Хасанғалиев.

Ескендір Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қалдығайты округі Батпақкөл мекенінде дүниеге келген.

Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaльды-хорлық фaкультетiн Е. Виногрaдов пен Н. Шaриповaның клaсы бойыншa курсты бітірген. Әль-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын тәмамдаған. 1970 жылдaн бaстaп, Қaзaқ рaдиосы мен теледидaрының солисi болған.

Е.Хaсaнғaлиевтiң орындaу мәнерi жоғaрғы кәсiби деңгеймен ерекшеленетін. Ол Қaзaқстaнның белгiлi эстрaдaлық әншiлерi орындaйтын көпшiлiкке жaқсы тaнымaл әндердiң aвторы болған.

Хaсaнғaлиевтiң "Әдемi", "Aсыл aрмaн", "Өмiрiмнiң жaзы", "Aтaмекен" әндерiн тек Қaзaқстaн тыңдaрмaндaры емес, шетелдерде де ықылaспен қaбылдaйды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір