• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:30:03
Алматы
+35°

Алматы облысында жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан бір адам қайтыс болды. Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Жол апаты 4 мамыр күні Алматы-Көкпек-Көктал тасжолының 24-ші шақырымында сағат 11:45 шамасында болғанToyota Camry жеңіл көлігінің 23 жастағы жүргізушісі шығыс бағытта келе жатып, көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Нәтижесінде HOWO жүк көлігімен соқтығысып, Toyota көлігінің 32 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Ал түрлі дене жарақатын алған көлік жүргізушісі Талғар орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Аталған оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыратын жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптама тағайындалды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір