• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

28 Қазан, 14:20:07
Алматы
+11°

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.

Қазіргі таңда ауру өсімінің тұрақтану үрдісі байқалады. Вирустың репродуктивті индексі аздап төмендеп, 0,98 құрады. Аурухана төсектерінің жүктемесі 42%, реанимациялық төсек орындардың жүктемесі 28% құрайды.

Өңірлерге 2,3 млн астам вакцина жеткізілген. 1,5 млн-ға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін және 350 мың адам екінші компонентін алған. Бұл вакциналауға жататын халықтың 15%-ы. Қоймаларда вакциналардың жеткілікті қоры бар.

– Вакциналаудың осы қарқынын төмендетпей, оны тек өсіру керек. Халықтың коронавирусқа қарсы вакцинаға қажеттілігін барынша қамтамасыз етіп, пандемия деңгейін төмендету үшін барлық шаралар іске асырылуда. Ауыл тұрғындарына вакцина салуға ерекше назар аудару керек. Мамырда екі миллионнан астам адамды вакцинамен қамтамасыз ету жоспары орындалуы тиіс. Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеудің жаңа критерийлерін, сондай-ақ вакцина алғандарға жеңілдіктерді енгізуді бақылау керек. Бұл әсіресе, қызмет көрсету саласында бизнесті жандандыруға мүмкіндік береді, – деді А.Мамин.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: вакцинация

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір