• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:20:34
Алматы
+35°

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде қала тұрғындарын, әсіресе аға буынды COVID-19-қа қарсы вакцина алуға шақырды.

Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласы коронавирус бойынша «қызыл» аймақта екендігін еске салды.

«20 сәуірде тәулік ішінде коронавирус инфекциясының 667 жағдайы тіркелді, оның 574-і симптомды және 93-і симптомсыз. Бүгінде қуаттылығы 6060 төсек-орынды құрайтын инфекциялық стационарларда 3754 науқас, оның ішінде 96 бала бар. Оның үстіне, 920 адамның жағдайы ауыр, 2834-і – орташа ауырлықта. Реанимация мен қарқынды терапия бөлімдерінде 241 адам емделуде, өкпені жасанды желдету аппаратында – 23,инвазинді емес ӨЖЖ аппаратында - 94, High flow аппаратында 85 науқас бар», - дейді әкім.

Медицина-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадалары мен телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 021 пациент бар. Оның ішінде 5301 адамда індет белгілері бар, олар орташа ауыр жағдайда. 720 адамда ауру белгілері жоқ.

Соңғы 7 күн ішінде коронавирустың таралу деңгейі 240,8-ден 243,9-ға дейін өсті, репродуктивті R саны 1,023-тен 1,031-ге дейін ұлғайды.

«Сәуір айында аурудың болжамды өсуі жалғасуда, КВИ эпидемиясының даму динамикасы 3 аптаның пессимистік болжамына сәйкес келеді. 1 сәуірден 20 сәуір аралығында 13 002 КВИ жағдайы тіркелді. Бір жасқа дейінгі балалар арасында індеттің өршуі жалғасуда 0,5% - 1,3-тен 1,8% -ға дейін; 14 жасқа дейінгі балаларда - 1% - 9,1-ден 10,1% -ға дейін; жасөспірімдер арасында - 0,3% - 3,0-ден 3,3% -ға дейін және 60 жастан асқан азаматтар арасында 0,6% - 23,7%-дан 24,3%-ға дейін»,- деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, ол денсаулық сақтау жүйесін модернизациялау мен нығайту бойынша қабылданған шаралардың арқасында медициналық мекемелердің үлкен жүктемелерге ойдағыдай төтеп бергендерін атап өтті. Алайда, мамандардың мәліметі бойынша пандемияның шарықтау шегі әлі өткен жоқ.

«Сондықтан қала тұрғындары үлкен сақтық танытып, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтаулары тиіс. Демек, КВИ-ден сақтанудың бір ғана жол бар, ол – ерікті вакциналану. Осы ретте Алматыда барлық жағдайлар жасалған, вакциналар партиялары қалаға тұрақты жеткізілуде, барлық аудандарда вакциналау пункттері ашылған»,-деді қала басшысы.

Алматыда халықты жаппай вакциналау 2 сәуірде басталды. 21 сәуірдегі жағдай бойынша барлығы 149 699 қала тұрғынына екпе салынды, оның ішінде қалада жұмыс істейтін Алматы облысының тұрғындары да бар. 23 сәуірде вакцинаның 35 мың дозасы, 25 сәуірде 100 мың дозадан астам вакцина жеткізіледі деп күтілуде.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір