• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:17:18
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі елде бір тәулікте 2853 адамнан коронавирус анықталып, 30 адам қайтыс болғанын хабарлады.

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 319 818 жетті.

 

30 сәуірдегі ақпарат бойынша, коронавирус инфекциясынан 42 730 адам емделуде, олардың ішінде 15 207 пациент стационарда, 27 523 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирусқа шалдыққандардың арасында  763 адамның жағдайы ауыр, 196 пациенттің жағдайы өте ауыр, 112 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Бір тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 105 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді.

Оған қоса 95 адам емделіп шықты.

30 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда 1 184 124 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырған.

 

 



 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір