• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:04:59
Алматы
+35°

Нұр-Сұлтан қаласында күн сайын коронавирус инфекциясының 300-ден 600-ге дейін жағдайы тіркеледі. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сарқыт Бейсенова мәлімдеді.

Бас санитардың айтуынша, 1,5 ай бойы қала "қызыл" аймақта тұр.

– Жыл басынан бері қалада тіркелген науқастар саны 26 мыңнан асты. Пандемия басталғалы 44 562 жағдай тіркелді. Оның 15 224-і – симптомсыз науқастар,– деді Сарқыт Бейсенова. 

Десе де соңғы алты күнде қаладағы 100 мың тұрғынға шаққандағы апта бойына науқасқа шалдығушылар 320-дан 285-ке дейін төмендеген. Бір апта ішінде 3 371 жағдай тіркелген, – деді дәрігер. 

Өткен тәулікте 584 бірінші рет жұқтыру жағдайы тіркелді. Оның ішінде 462-сі симптомды, 122-сі симптомсыз науқастар. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір