• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:44:13
+35°

Қазақстандық саясаттанушы және публицист Дастан Қадыржанов 55 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы журналист Ермұрат Бапи әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Атың өшкір коронавирус кесапаты Дастанды алып кетті! Асқан білімдар азаматтан, қоғамы мен халқына жанұшырған жанашыр жігіттен, сұңғыла саясаткерден айырылып қалдық! Ол жан-жақты талантты тұлға болды: публицист, жазушы, ақын, кинодраматург, саясаттанушы, саясаттехнологы және қарапайым жақсы қазақ еді" делінген желідегі жазбада.

Дастан Қадыржанов 1966 жылы 2 қазанда Алматыда дүниеге келген. Мамандығы тарихшы-шығыстанушы болған. Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтын бітірген. 1984-1986 жылдары КСРО қарулы күштері қатарында болған.

Дастан Қадыржанов Дінмұхамед Қонаевтың немере інісі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір