• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:23:59
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Қорғаныс министрі ведомствоның биылғы жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмысының қорытындысы, әскердің жауынгерлік дайындығы мен тәртібі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Кездесу барысында Нұрлан Ермекбаев әскери медицинаның ПТР-зертханалармен қамтылуы жайында айтты.

Министрдің сөзінше, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі зертхана іске қосылған, ал Ақтау мен Семейде мобильді кешен жұмыс істеп тұр. Офицерлер мен сарбаздарға вакцина салу жалғасуда. Бүгінде қарулы күштер құрамының 20 пайызына екпе егілген.

Министр мемлекет басшысына "Алтын жебе" арнайы операциясы және "Қалқан-2021" ведомствоаралық кешенді оқу-жаттығу жиындарының нәтижелері, сондай-ақ, екінші жартыжылдыққа жоспарланған "Отпантау" стратегиялық оқу-жаттығуға дайындық жөнінде есеп берді.

Ермекбаев Тоқаевқа Қазақстанның халықаралық әскери ынтымақтастық бағыттары, қарулы күштерді әскери техникамен жабдықтау, қарулы күштердің тұжырымдамасын дамыту жұмыстары туралы айтты. 

Кездесу соңында жоғарғы бас қолбасшы қорғаныс министріне еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір