• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:56:41
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда шығарылған QazVac вакцинасы аймақтарға жеткізіле бастағанын айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

– QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады. Барлық азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын, – деді президент.

Бұған дейін "QazVac" вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы "СҚ-Фармацияның" хабтарына таратылып, одан әрі елдің барлық өңірлеріндегі денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына жеткізілетіні хабарланған.

Премьер-министр сайтының мәліметінше, 26 сәуірде елде "QazVac" вакцинасымен вакцинациялау басталады. Мамыр айында 50 мың доза көлеміндегі вакцинаның кезекті партиясы шығарылмақ. Вакцина өндірісі кезең-кезеңмен айына 500-600 мың дозаға дейін ұлғайтылады деп күтілуде.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация 1 ақпанда басталды. 2021 жылғы 23 сәуірдегі мәлімет бойынша 823 498 адам вакцина салдырған. Бүгінде азаматтарға ресейлік Спутник-V екпесі салынып жатыр. Британиялық "The Lancet" медициналық ғылыми журналы "Спутник V" вакцинасы 91,6 пайызға тиімді екенін мәлім еткен. 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір