• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 03:45:49
Алматы
+35°

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Шойгу/фото: interfax.ru

1. Ең басты, маңызды жаңалық – Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Шойгудың РФ армиясын Украина шекарасынан кері әкетуге тапсырма бергені болып тұр. Ресей шындығында Батыстың Украинаны қолдауда біртұтас болып біріккенінен, НАТО-ның да Украинаға нақты көмек көрсете бастағанынан, украиндықтардың өздерінің де ештеңеден тайсалмай бопсаға шыдай білгендігінен сескенді. Әрине, Путиннің климат жөніндегі Саммитке қатысып, әлем көшбасшылары алдында 5 минут болса да теледидар алдында сөйлеуге мүмкіндік алғаны да өз әсерін тигізгені анық, ол оны толық изоляциядан сақтап қалғандай әсер туғызды.

2. Чехия мен Ресей арасындағы дипломатиялық жанжал тым тереңдеп, жаңа сатыға көтерілген сияқты. Алдымен Чехия ескерту берді – "біз сіздердің дипломат-шпиондарыңызды елден шығарсақ ол өздерінің нақты іс-әрекеттері үшін шығарылып отыр, ал сіздердің біздің дипломаттарды қуғаныңыз ақылға сыйымсыз, осымен тоқтайық" деді. Соған қарамастан Ресей 18 адамның орнына 20 адамды елдерінен шығарып жіберді. Бұған Прага ультиматум қойды – енді Чехиядан Ресейдің 70 дипломаты қуылатын болды.

3. АҚШ санкцияларына қарамастан Германия "Нордстрим-2" газ құбырын салуды аяқтауы мүмкін. Алдағы күзде канцлерліктен кеткелі отырған Ангела Меркель бұл сұраққа екіұшты жауап қайтаруда, шамасы Германия бизнесі алдында ешкіммен жаманаттасып жатқысы келмейтін сияқты. Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий Германияға "Нордстрим-2" құрылысында еуропалық ынтымақтастықты бұзбауды сұрағанын бүгінгі пресс-конференцияда айтты.

4. Соңғы күндері Украинаға кем дегенде үш рет НАТО-ның әскери-транспорт ұшақтары келіп қонды.

5. НАТО-ның Саммиті 14 маусымға белгіленіп отыр. Күн тәртібіндегі негізгі тақырып – Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясы.

6. АҚШ мем. департаментінің спикері Нед Прайс Украинаға әскери көмек одан әрі жалғаса беретінін айтты. "Біз Украинамен әріптестігімізге берікпіз. Бұл біз үшін өте маңызды. 2014 жылдан бері Украинаның қауіпсіздігі саласына Ресей агрессиясынан қорғану үшін 2 млрд доллардан астам көмек берілді, оның ішінде летальды қорғаныс жүйелері де бар" деп мәлімдеді Прайс. Сондай-ақ Сенаттың халықаралық қатынастар комитеті "Украинамен қауіпсіздік саласындағы әріптестік" заң жобасын мақұлдады. Комитет төрағасы Роберт Менендес мұны Украинаны қолдаудағы дер кезінде жасалған сигнал деп атады. "Жеті жыл бойы украиндық әскерлер украинаның егемендігі мен қауіпсіздігін бұзып отырған ресейлік агрессиядан жерде, теңізде және кибершабуылдарынан жанқиярлықпен қорғанып келеді" деді ол.

7. Словакия Ресей елшілігінің 3 дипломатын (шпионын) жеті күн ішінде елден кетіретін болды.

Қуаныш Еділхантегі

Шолушы

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шетел жаңалықтары

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір