• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:19:35
Алматы
+35°

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, ақын Жәркен Бөдешұлы өмірден өтті.

Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда ҚХР-дың Тарбағатай аймағы Толы ауданындағы Жайыр тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты –Жармұхаммед.

ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Мерзімдік басылымдарда және мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған.
 
Әр алуан басылымдарда ақынның "Аңырақай бекетіндегі ой", "Қарауыл төбе", "Генерал Жаһар Дудаев", "От пен су" ("Сорос– Қазақстан" қорының жүлдесі берілген), "Тас бесік", "Бостандықтың басы", "Шер", "Жалғыз" атты дастандары жарияланған.
 
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Түркі тілдер елдері поэзиясы ІІ фестивалінің лауреаты, Қ.Сәтбаевтың 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық мүшәйраның бас жүлдегері атанған.
 
Шығармалары: Көкше құрақ. Өлеңдер мен поэмалар. А., "Жалын", 1979; Қос қанат. Өлеңдер. А., "Жазушы", 1982; Зейін. Өлеңдер мен поэмалар. А., "Жалын", 1984; Аспан даусы. Өлеңдер мен поэмалар. А., "Жазушы", 1985; Нұрлы бояулар. Өлеңдер мен поэмапортреттер. А., "Жалын", 1988; Жұлдызға орнын ай бермес. Өлеңдер мен поэмалар. А., "Сөзстан", 1996; Емендер түнде бүрлейді. А., "Ана тілі", 2001; Бөрінің асығы. А., "Жазушы", 2005; Бұрылыс. А., "Сөздіксловарь", 2007.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жәркен Бөдешұлы Ақын

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір