• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:18:50
Алматы
+35°

Жуырда ғана "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы басқарма төрағасы қызметінен кеткен Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Елбасы, Қауіпсіздік кеңесі төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

"Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті – Елбасының шешімімен Есімов Ахметжан Смағұлұлы тұңғыш президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды" деп жазды Айдос Үкібаев twitter-де.

Ахметжан Есімов 1950 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Ресей Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген.

1990 жылдан бері жоғары лауазымды қызметтер атқарып келеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік агроөнеркәсіптік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болды. Мұнан соң премьер-министр орынбасары, мемлекеттік хатшысы, президент әкімшілігінің басшысы, Бенилюкс елдеріндегі (Бельгия Корольдігі, Нидерланды Корольдігі және Люксембург Ұлы Герцогтігі) Қазақстан елшісі, бірнеше мәрте Ауыл шаруашылығы министрі, Алматы қаласының әкімі "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы қызметтерін атқарды.

Соңғы қызметі – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағалығынан кеткенде саясаткер зейнет демалысына шығатыны хабарланған. Бүгінде Ахметжан Есімов 70 жаста.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ахметжан Есімов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір