Криптовалюта нарығында биткойн 15 сәуірде ең жоғары деңгейге жеткен соң, күрт төмендеп, 49%-ға дейін құлады. Аймақтық есептерде әлемдегі Bitcoin өндірісінің жартысынан астамына иелік ететін Қытайда Шыңжаң торабында электр жарығы сөніп, "қауіпсіздік тексерістері" жүріп жатқаны айтылды. 

Биткойн түсе бастаған кезде аймақтық криптовалюта маманы, журналист Колин Ву Twitter-де Қытайдағы электр желілерінің өшуі туралы жазды.

"24 сағат ішінде биткоин өндіретін бассейндердің хэшреті күрт төмендеді. Антпул 24,5%, Btc.com 18,9%, Пулин 33%, Binance 20% төмендеді. Себеп – Қытайдың солтүстік-батысында қауіпсіздік инспекциясы үшін толық жарық сөндірілді" деп жариялады журналист Twitter-де.

"Тек 24 сағат ішінде әлемдегі криптовалюталардың жалпы нарықтық капитализациясы шамамен 310 миллиард доллар жоғалтып, нарық бір күнде шамамен 2,2 триллионнан 1,9 триллион долларға дейін төмендеген" деп хабарлады Forbes.com. 

Есептер бойынша, әлемдегі Bitcoin өндірісінің жартысынан астамы Қытайда орналасқан. Ол хэшреттің 65%-ын құрайды. Шыңжаң аймағы BTC өндірісінің едәуір бөлігін иеленген. Ақпаратқа сәйкес, өндірістің 20%-дан 36%-ға дейінгі үлесі Шыңжаңға тиесілі.

Шыңжаңдағы қазақ және ұйғыр сияқты азшылық қауымның құқығының бұзылуы мәселесін халықаралық ұйымдар жиі көтеріп жүр. Жақында ғана The New Yorker басылымы қазақ қызының Шыңжаңдағы қайта тәрбиелеу орталығындағы өмірін егжей-тегжейлі баяндайтын мақала жариялаған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шыңжаң биткойн

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір