Фото: Ашық дереккөз
Англияның бұрынғы балалар комиссары Энн Лонгфилдтың арызы бойынша, TikTok балалар туралы мәліметтерді жинайды және пайдаланады.
Бұл шағымға сәйкес, Ұлыбритания мен ЕО-да өте танымал видео қосымша миллиондаған балаларға зиян келтірген .
Заңдық талап сәтті болса, зардап шеккен балалардың әрқайсысы мың фунт төлем алуы мүмкін.
TikTok бұл қозғалған істе шағымданушылармен үресетінін айтты.
Авокаттар TikTok балалардың жеке мәліметтерін, оның ішінде телефон нөмірлерін, бейнелерді, нақты орналасқан жері мен биометриялық деректерін ескертусіз, ашықтықсыз немесе заңмен талап етілген қажетті келісімсіз алады дейді. Сондай-ақ балаларға немесе ата-аналарға осы ақпараттармен не істелетінін хабарламай алады деп айыптайды. Бұған жауап ретінде TikTok "Құпиялық пен қауіпсіздік TikTok-тің бірінші кезектегі міндеті және бізде барлық қолданушыларды, әсіресе жасөспірім пайдаланушыларды қорғауға көмектесетін мықты саясат, процестер мен технологиялар бар. Біздің пікірімізше, талаптардың негізі жоқ" дейді.
TikTok-тың әлем бойынша 800 миллионнан астам қолданушысы бар. Компания өткен жылы миллиардтаған пайда тапты, ал, оның басым көпшілігі жарнамадан түскен қаражат.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір