• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Наурыз, 15:28:58
Алматы
+35°

Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны Қуаныш Мұхамеджанов жарамсыз пластиктерден, істен шыққан шаңсорғыштан тамаша роботтар  жасайды. Ол әуелгіде 15 жыл тіс дәрігері болып жұмыс істеген. Қазір кәсіпкер. Шығын дәмханасы бар. Кейін бертін келе бала қиялын жүзеге асырған. Робот жасаушы шебермен Қамшы порталының тілшісі сұхбаттасып көрді.

Алматы облысы, Талғар ауданының тұрғыны Қуаныш Мұхамеджанов жарамсыз пластиктерден, істен шыққан шаңсорғыштан тамаша роботтар  жасайды. Бұл – Бамблби. Қуаныш Мұхамеджановтың алғашқы туындысы. Трансформер фильмның кейіпкерін осыдан 4 жыл бұрын құрастырған. Қазір шебердің 27 роботы бар. Талғарлық тұрғын әуелгіде 15 жыл тіс дәрігері болып жұмыс істеген. Қазір кәсіпкер. Шағын дәмханасы бар. Кейін бертін келе, бала қиялын жүзеге асырыпты.

Қуаныш Мұхамеджанов

Бала кезімнен робот туралы фильм, мультфильмдерге қызығатынмын. Роботтар маған қатты ұнайтын. Бірінші роботты 35 жасымда жасадым. Ол адамдарға қатты ұнады.

Шеберге бұл идея шетелде қыдырып жүргенде келген. Қазақстанға оралған соң осындай роботтарды іздеп, бірақ таба алмаған. Сосын өзі жасай бастаған. Мұндағы мақсаты – дәмханаға келушілердің қатарын арттыру.  

Журналист

Сәлем Арси, Арси маған жауап бере алмады. Өйткені ол сөйлей алмайды. Бірақ алдағы уақытта Қуаныш Мұхамеджанов сөйлейтін, қозғалатын роботтарды жасау ойында бар. Бұл оның соңғы туындылары. Трансформер кейіпкерлерін жасау үшін, шамамен біреуіне 10/15 шаңсорғыш кеткен. Егер сіздің үйіңізде жарамсыз шаңсорғыш, қажетсіз пластик заттар болса, оны робот жасайтын шеберге өткізуге болады. Ол сол заттардан, керемет туындылар жасап шығарады.

Шебер роботтарды істен шыққан шаңсорғыштан бөлек, теледидар, ойыншық сынды пластиктерден жасайды. Бір туындыны  құрастыруға 1 ай кетсе, қажетті жабдықты жинауға 4-5 ай уақыт қажет дейді. Сондықтан ол  дәмханасында 1 шаңсорғыш әкелген адамға 1 пицца тегін беретін акция ойлап тапқан. Қуаныштың алдағы жоспары – заманауи музей ашу.

Қуаныш Мұхамеджанов

Болашақта парк роботын ашу ойымда бар. Балалар пластик заттардан да роботтар жасауға болатынын білуі керек. Өйткені пластик экологияға зиян. Ол шірімейді. Сол керек емес заттардан осындай дүниелер жасауға болатынын білсе деймін. 

Қазақстанда пластиктен құрастырылған роботтарды Қуаныш Мұхамеджановтан өзге ешкім жасамайды. Шебер алдағы уақытта өз туындыларын жалға беруді, сатуды жоспарлап жүргенін айтты.

Айзада Бидан

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір