• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:15:45
Алматы
+35°

АҚШ-тың Огайо штатындағы Колумбус қаласында полиция қызметкері 16 жастағы қара нәсілді қыз Макайя Брайант атып өлтірген, деп жазады bbc.

Оқиға 20 сәуірде жергілікті уақыт бойынша шамамен 16:45-те болған. Бір топ қыз қаза болған қыздың үйінің алдында жанжал шығарып, оқиға орнына полиция келген.

Колумбус полиция қызметкерінің кеудесіндегі камераға түсірілген видеодан қаза тапқан Макайя Брайанттың әлдекімге пышақпен шабуыл жасамақ болғаны көрсетілген. Артынша, полицей оған бірнеше рет оқ атады.

Полиция қызметкері Макайя Брайант оның "жерге жат" деген талабын орындамағандықтан оқ атуға мәжбүр болғанын жеткізді.

 
 
 

Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр. Жергілікті билік тұрғындарды сабыр сақтауға шақыруда.

Артынша, бірнеше ақпарат құралы оқиға орны мен полиция ғимаратының алдында наразы адамдар тобы жиналғанын жазды.

Колумбустағы атыс экс-полицей Дерек Шовен былтыр мамыр айында афроамерикалық Джордж Флойдты өлтіргені үшін кінәлі деп танылған сот отырысына аз уақыт қалғанда болған.

Дерек Шовен Флойдты ұстау кезінде оны кісендеп, жерге құлатып, мойнын тізесімен басып тұрғаны видеоға түсіп қалған. Бұл кадрдан кейін әлемнің көптеген елінде нәсілшілдік пен полицейлердің лауазымын асыра пайдалануына қарсы жаппай наразылық акциялары өткен.

 
 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір