• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:10:45
+35°

Қытай билігі "батыстық идеяларды дәріптейтін" және "бөтен заттарды қамтитын" кітаптарды бастауыш және орта мектептердегі оқу тізімінен және кітапханалардан алып тастауға бұйрық берді.

Алынып тасталатын мазмұндардың қатарында Билл Гейтс пен Стив Джобстың өмірбаяны бар. Олар Қытайда "АҚШ капитализмінің постер балалары" ретінде танымал.

Қытайлық "Epoch Times" ақпарат құралының хабарлауынша, "шетелдіктерге табынатын" барлық кітаптар мектептердің оқу тізімінен шығарылады. Бұл бүкіл ел бойынша 240 миллионға жуық бастауыш және орта сынып оқушыларына әсер етеді.

"Epoch Times" басылымы ақпаратынша, Қытайдағы кітап сөрелері Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің сөздерімен толтырылған. "Бейжіңдегі орта мектеп соның бір мысалы" дейді басылым. Сондай-ақ мектеп Си мен Қытайдың Коммунистік партиясының идеологиясын насихаттайтын бірнеше кітаптардың, соның ішінде "Қытай ұлтының ұлы жасаруының қытайлық арманы", Сидің сөйлеген сөздер мен құжаттар жинағының қорын жинақтаған.

Ақпаратқа сәйкес, Қытайдың білім беру жүйесі мен мектептердегі оқулықтардың мазмұны қатаң бақыланады және көбінесе партияның тарих нұсқасын көрсетеді. Оқулықтарда тек "патриоттық" материалдар бар. Кейбір тарихи оқиғалар туралы айтылмайды, мысалы, 1989 жылғы Тяньаньмэнь алаңындағы демократия наразылықтары жазылмайды.

Елдегі тарихи оқулықтарда Окинава аралдарындағы Жапониямен даулы аралдар, Сенкаку аралдары "Тек Қытайға тиесілі" деп баса айтылып, ұлттың территориялық талабы баса көрсетіледі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай оқулық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір