• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:57:13
Алматы
+35°

Атырау облысы Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылындағы шекаралық қоршау бұзылды. Бұл туралы Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мұрзиев мәлімдеді, деп хабарлады Ақ Жайық сайты.

Басылым мәліметінше, әкім кеше жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырған Қиғаш өзенінің жағасында орнатылған шекара белгілері алынғанын айтқан.

– 13 және 16 сәуірде жергілікті тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазір өзенге мал суаруға және егінді суаруға қол жеткізу мүмкіндігі қарастырылды. Бұл үшін ешқандай кедергі жоқ, – деді Мырзиев.

Бұған дейін Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі 14 сәуірде Қазақстан мен Ресей шекарасын маңындағы Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында жаңа шекаралық қоршау салу жұмыстары басталғанын хабарланған. Ауыл тұрғындары "Қиғаш өзенінің бір иірімін шаруашылыққа пайдаланып отырмыз" деп шекара қоршауына қарсылық білдірген. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл мәселеге үкімет, президент және сыртқы істер министрлігі жауап беруге тиіс екенін айтқан болатын. Ал Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мұрзиев облыс әкімдігінің facebook-тегі парақшасында бұл жұмыстар қазір емес, бұрын басталуы керек екенін, бірақ әртүрлі себептермен жүргізілмей келгенін жазған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір