• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:05:29
Алматы
+35°

Әлеуметтік желіде Қостанай облысында су бетіндегі мұздар ағып, тас жолға жақындап келе жатқаны түсірілген видео таралды. Бұл туралы alau.kz сайты хабарлады.

Видеода көлікпен келе жатқан азаматтар су бетіндегі мұздың жылжып, трассаға жақындап келе жатқанын айтқан.   

– Мен мұндайды ешқашан көрген емеспін, – дейді жеңіл көлік жүргізушісі.

Жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, 18 сәуірден бастап Сарыкөл ауданындағы тас жолда көлік қозғалысы тоқтаған. 

– 19 сәуір таңғы сағат 8:00-де биіктігі 5 метр мұз жолды жапты. Бұл – табиғи құбылыс. Мұның бәрі қатты желдің салдарынан болды, – деді Қостанай облыстық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Олжас Нұрғалиев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір