• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:48:40
Алматы
+35°

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Әбдінәбиева 73 жасына қараған шағында коронавирустан қайтыс болды.

Қаралы хабарды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

– Қазақ театры мен кино өнерінің мақтанышына айналған Ғазиза Әбдінәбиева дүниеден өтті. Аты жаман тажал ауру ешкімді аямады.

Жарты ғасыр бойы қазақ театрының төрінде шынайылығымен, табиғи талантымен көрерменін тамсандырған Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, "Парасат", "Құрмет" ордендерінің иегері Ғазиза Әбдінәбиева – жаны мен жүрегі мейірімге толы, адалдықты ту еткен болмысы бөлек жан еді, – деп жазды А. Маемиров.

Ғазиза Әбдінәбиева 1948 жылы 3 қаңтарда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Торғатай ауылында дүниеге келген.

1970 жылы Қазақ Ұлттық консерваториясында "актерлік шеберлік" факультетін бітірген.

1969-1993 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып жұмыс істеген. 

1993 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында актриса болып қызмет атқарған. 

1994 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында "актерлік шеберлік" мамандығынан дәріс берген.
 
1977 жылы "Нан", 1982 жылы "Қауын", 1990 жылы "Қыз жылаған", 2009 жылы "Біржан сал", 2002 жылы "Ләйләнің зары" секілді фильмдерге түскен. 
 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір