• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:47:15
Алматы
+35°

Фото: Ашық дереккөз

Криптовалютаның болашағы бар ма? деген сұрақ көптеген адамдарды мазалайды. Бұндай цифрлық валютаға сенім бар ма? Көптеген адамдарда "Бір күні криптовалюта құнын жоғалтып, тақырға отырып қалмаймыз ба?" деген күдік бар.

Байқап қарасақ, криптовалютаны қолдайтындар да, оған қарсы болатындар да көп. Дегенмен бұл валютаны қолдайтындар мен қолданатындар уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Оның бір себебі, криптовалютаның ашықтығы және "цифрлық алтын" сипаты болуында еді.

Төменде биткойнның даму кезіндегі бірнеше қызықты оқиғалар берілді.

Биткойнға немқұрайлы қараған Джеймс Хоуэллс 400 миллион доллар жоғалтып алған екен. Ол 2009 жылы криптовалюта сутегін кезінде 7500 биткойн алыпты. Алайда, ол биткойн сақталған қатты дискты қоқысқа тастай салған.

Бүгін Хоуэллстің тастай салған криптовалютасы 400 млн долларға бағаланған. Ол 10 жыл бұрын биткойнға сәл қарағаны үшін өкінетінін айтады.

АҚШ-та тұратын пицца сатушысы 2010 жылы бір клиенттің пиццаны биткойнмен төлеуді сұрағанын, содан кейін қызық көріп, келісім бергенін айтады. Ал, 20 долларлық пицца үшін берілген биткойн бүгін жарты миллион долларға бағаланған.

Ақпараттарға сәйкес, 2008 жылы биткойнды құрған Сатоси Накамото есімді жұмбақ адам жақынғы болашақта әлемдегі ең дәулетті болуы мүмкін, себебі қазіргі кезде биткойннің бағасы 60 мың доллар шамасында. Ал ол 190 мың доллар болғанда, биткойнды құрған жұмбақ жан әлемдегі ең бай адам болады. Бір қызығы ол жұмбақ жан күйінде қалды.

Ал, криптовалютаның болашағына сенетін әлемдік алпауыт компаниялардың саны уақыт өткен сайын артып келеді.

PayPal биткойн қолданатынын мәлімдеді. Mastercard аударымдары биткойн арқылы болатынын хабарлады. Apple Pay криптовалюта арқылы зат сатып алуға болатынын айтты. Tesla компаниясы 1.5 млд долдарға биткойн сатып алды және көліктері биткойнмен сатылатынын жариялады. Twitter және Gerneral Motors компаниялары да биткойнмен жұмыс жасайтынын айтты.
Тіпті, АҚШ қаржы алпауыттары JP Morgan және Goldman Sachs биткойнды қолдап, қуаттап және қолданатынын мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір