COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Шымкент қаласы коронавирустың "қызыл" аймағына енгенін хабарлады..

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта тұр.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары "сары" аймақта.

"Жасыл" аймақта Қостанай мен Түркістан облыстары.

Елде бір тәулікте тағы 2641 адамнан коронавирус, 85 адамнан пневмония анықталып, 20 адам қайтыс болған. Бүгінде 36 436 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 12 451 пациент стационарда, 23 985 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандардың арасында 591 адамның жағдайы ауыр, 172 пациенттің жағдайы өте ауыр, 127 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

15 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда 505 451 адам вакцина салдырған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір