• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:54:49
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда сайты.

Сайт мәліметінше, сенат төрағасы президентке парламенттің жоғарғы палатасының заң шығарушылық қызметі туралы мәлімет берген.

Мәулен Әшімбаев сенаттың қарауында жатқан заң жобалары жөнінде хабарлады. Олардың ішінде мемлекет басшысының бастамасымен енгізілген жер қатынастарын реттейтін түзетулер де бар.

Спикер мәжіліс мақұлдаған заң жобасы осы айдың аяғына дейін сенаттың отырысына енгізілетінін, содан кейін құжат президентке қол қоюға жіберілетінін айтты. 

Ал сайлау заңнамасына енгізілетін өзгерістерді сенаторлар мәжілістің қарауынан өтуін күтіп отырғаны хабарланды. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, сенат бұл мәселені мамыр айының бірінші онкүндігінде  қарап, тиісті заң жобасын қабылдауды жоспарлап отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір