• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:01:14
Алматы
+35°

Оңтүстік Қытай теңізіндегі әскери белсенділік күшейді. Қытайдың соғыс ұшақтарын алып жүретін әскери кемесі даулы аймаққа кірді және АҚШ әскери-теңіз күштерінің экспедициялық соққы тобы аймақта жаттығу өткізді. 

Қытай даулы теңізде соғыс кемелерін жинады. Ал АҚШ пен Филиппин бірлескен жаттығуларға дайындалып, АҚШ-тың қорғаныс министрі  Вашингтон мен Манила арасындағы әскери ынтымақтастықты тереңдету жолдарын ұсынды.

Қытайдың мемлекеттік Global Times басылымы елдің алғашқы соғыс ұшақтарын таситын әсери кемесі "Ляонин" Тайвань айналасындағы бір апталық әскери-теңіз жаттығуларын аяқтағанын жариялаған. Одан кейін Оңтүстік Қытай теңізіне кіргенін  хабарлады. "Ляониннің" позициясы туралы ресми хабарлама жасалмады, дегенмен қытайлық басылым оқиғаға қатысты спутниктік суреттерді жариялады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Қытай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір