• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 12:37:50
Алматы
+35°

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізді.

Қаулыда ПТР анықтамасы жоқ жолаушылар әуе кемесінің бортына отырғызуға жіберілмейтіні жазылған. Бұл өзгеріс шетелден Қазақстанға ұшып келетін рейстерге қатысты.

Сонымен қатар құжатта 1-қосымшаның 5-тармағы, яғни қазақстандықтарды коронавирусқа тексеру үшін екі тәулікке оқшауға алады деген талапты алып тасталған.

"Карантин шараларын қатаңдату туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитар дәрігерлері, Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары қабылдайды.

Карантин шараларын жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігері қабылдайды" делінген құжатта.

Қаулының толық нұсқасы мына жерде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір