• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:05:56
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Швецияның Сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады.

Ақорда сайтының мәліметінше, Тоқаев швед дипломатына ілтипат білдіріп, оның елге жасаған сапары ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы ретінде де, Швецияның сыртқы саяси ведомствосының басшысы тұрғысынан да өте маңызды екенін атап өткен.

– Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қағидаттары мен құндылықтарына бейіл екенін айтқым келеді. Сіз басқарып отырған Ұйыммен арадағы ынтымақтастық – сыртқы саясаттағы басымдықтарымыздың бірі. Біз аталған Ұйыммен де, оған мүше мемлекеттермен де арадағы тығыз ықпалдастықты нығайта түсуге дайынбыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президент екіжақты байланыстардың перспективаларын талқылау барысында Қазақстанның Швециямен арадағы өзара ықпалдастықты экономикалық және гуманитарлық салаларға баса мән бере отырып, одан әрі нығайтуды көздейтініне тоқталған.

Анн Линде Қасым-Жомарт Тоқаевқа ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы лауазымындағы өз жұмысының алғашқы қорытындылары, алдағы жұмыстары, оның ішінде, Орталық Азия бағытындағы жұмыс жоспарлары туралы мәлімет берген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір