• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:01:37
Алматы
+35°

Көптеген елдер Трамптың президенттіктен кетуін күтіп жүргені белгілі бола бастады. Өйткені қандай да болсын Ресейге қатысты мәселелер туындаса, Трамп оны қарамайтыны немесе артын сиырқұйымшақтандырып жіберетіні айқын болды.

Оны көріп отырған елдер бәрібір бұл бағытта ештеңе өнбейтінін, жетекші державаның немқұрайлы, кейде тіпті өздеріне кінә артып Ресейді ақтауға тырысатынын біліп көп нәрсені кейінге қалдырды, басқа президенттің келуін күткендей болды. Егер Трамп қайта сайлана қалса, одан тек авторитарлық елдер ғана ұтатын еді, әсіресе Ресейдің құдайы беретін еді.

Байден сайланғалы, Америка бұрынғы, әлемде қалыптасқан өзінің жетекші рөліне қайтып келе бастады. Қауіпсіздік туралы Мюнхен конференциясында, G7 Саммитінде сөйлеген сөздерінде ол НАТО альянсын қызу қолдап, Еуроодақ елдері арасында пайда болған түсініспеушіліктерді жоюға тырысты. Осыны сезген кейбір елдер бұрынғы позицияларын батыл білдіре бастады.

Польша Бас прокуратурасы Смоленск түбіндегі ішінде президент Качинский және 70 Польша басшылығы мен элитасы бар ұшақ апатын тергеу мерзімін 2021 жылдың аяғына дейін ұзартты. Бас прокуратураның пікірінше, апат теракт салдарынан болған. Апат орнынан табылған "қара жәшік" Ресейде және ондағы жазбалар өзгертілген деген күдік бар. Тергеумен айналысып жатқан халықаралық топ жыл аяғына дейін жұмысты аяқтап, соңғы қорытынды пікірді айтуға тиіс дейді бас прокуратура. Сондай-ақ басқа да процессуальдық шаралар, ондаған куәлерден жауап алу жүріп жатыр.

Лондон соты Путинді сынаған "Аэрофлоттың" бұрынғы топ-менеджері Глушков Лондон маңындағы өзінің жекеменшік үйінде тұншықтырылып өлтірілген деп таныды. Бұл бұрынғы ФСБ офицері Сергей Скрипаль мен оның қызының "Новичокпен" уланғанынан бір апта өткен соң жүзеге асқан.

Ал жалпы Трамптың жағдайы қалай? Манхэттен прокуратурасы Трамптың салық декларациясын, қаржылық құжаттарын және Трамптың салықтарын жүргізген фирманың жазысқан хаттарын сот арқылы қолға түсіргесін жұмысқа жаңа тергеуші қабылдап жатқаны белгілі болды.

Шамасы онда бірталай "қызықтар" бар сияқты. Жаңа тергеуші бұрын ФБР-де бухгалтер-криминалист болып жұмыс істеген. Бұл іс те осы жылдың аяғына дейін аяқталуға тиіс.

Қуаныш Еділхантегі

Шолушы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір