• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:45:07
Алматы
+35°

Ақтөбеде такси жүргізушісі мектеп оқушысын қағып, оқиға болған жерден қашып кетті, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Оқиға 8 сәуірде болған. Мәншүк Мәметова көшесінің реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде ВАЗ көлігінің жүргізушісі 12 жастағы қызды қағып, қашып кеткен. Тәртіп сақшылары құқық бұзушыны анықтады. Ол мобильді қосымша арқылы жеке тасымалдаумен айналысатын 59 жастағы ер адам болып шықты. Сараптама нәтижесінен жүргізушінің мас болмағаны анықталды.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мектеп оқушысы қалалық ауруханаға жатқызылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір