• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 05:34:17
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа қарсы вакцина салдыру мұғалімдерге ерікті түрде жүргізілетінін айтты. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

– Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде вакцина салдырғандардың 17 пайызы мұғалімдер. Вакцинаны салдыру мұғалімнің өз еркінде. Ешкім мәжбүрлемейді. Бірақ министр ретінде біздің әріптестерімізді өз еркімен осы вакцинаны салдыруға, ғылымға сенуге шақырамын. Біріншіден бұл еліміздің қауіпсіздігі, екіншіден мектепте оқып жатқан балалардың қауіпсіздігі және ұжымдарымыз бен отбасыларымыздың қауіпсіздігі. Сондықтан эксперттерге сеніп, вакцинаны дер кезінде салдырып, тиісті жағдай жасайды деп үміттенемін, – деді министр.

Аймағамбетов брифингте кітапханашылардың жалақысына қатысты да сұраққа жауап берді.

– Кітапханашылардың жалақысы мәселесін алдыңғы жылы көтергенбіз. Қазір біз бұл мәселені шешу үшін түбегейлі өзгерістер енгізіп жатырмыз. Жақында бұл мәселе шешіледі деп үміттенеміз. Осы мәселе бойынша тиісті қаржыландыру көздерін табуға жұмыс жүргізілуде, – деп айтты ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір