• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 01:10:18
Алматы
+35°
Президент Қ.Тоқаев Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған "Спутник-V" вакцинасын салдырды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
 
"Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ. Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулердің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді. Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырды. Бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы. Бұған дейін президент үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға шетелден вакцина жеткізуді қамтамасыз етуді және отандық вакцина өндіруді жолға қоюды, сондай-ақ, екпе салу үдерісін ұйымдастыруды тапсырған болатын" делінген ақпараттық хабарламада.
 
Бұған дейін Тоқаевтың отандық вакцина салдыратыны хабарланған. Бұны кеше, 5 сәуірде президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Хабар24 арнасына берген сұхбатта қайталап айтқан.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: вакцинация

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір