• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:41:39
Алматы
+35°

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өсті. Бұл туралы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.

Президент "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты 2020 жылғы жолдауында "Дәрігер мамандығын материалдық тұрғыдан да нығайта түсу маңызды болып отыр. Мұны біз қазіргі дағдарыс кезінде қолға алып жатырмыз, енді оны жүйелі түрде жүзеге асыруымыз керек. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе артық болады" деген болатын.

Берік Уәли президенттің жолдауда айтқан міндеттердің биыл орындалғанын жазды.

"2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өсті. Дәрігерлердің жалақысы орташа есеппен 30 пайызға, яғни 246 мың теңгеден 320 мың теңгеге дейін, ал орта деңгейдегі медицина қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға, яғни 145 мың теңгеден 173 мың теңгеге дейін өскен. Бұл мақсатқа 2021-2023 жылдары 1 141,5 млрд теңге бөлу қарастырылған" делінген Берік Уәлидің жазбасында.

Фото:

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір