• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

26 Қазан, 10:58:21
Алматы
+10°

Көптеген экономикалық сарапшылар мен мамандар 2021 жылы ірі қаржылық дағдарыс басталатынын және оның бірнеше жылға созылатынын айтады. Олардың пікірінше, бұл жолғы қаржылық апат 2008 жылғы дағдарыстан да сұрапыл болуы ықтимал. 

"Нарық құлдырайды, егер мен қателессем, жұмыстан кетемін!" дейді Қаржы сарапшысы Гарри Дент.

Гарри Дент 1989 жылғы Жапониядағы экономикалық құлдырауды дәл болжаған және одан кейін АҚШ пен Еуропа экономикасының күш алатынын да алдын-ала білген қаржы сарапшысы.

Гарри Дент акциялар нарығының 40% құлдырайтынын, тіпті тұрғын үй және қор нарығының 75-80 пайыз көлеміндегі апаты маусымда басталатынын айтады.

2008 жылғы қаржылық дағдарысты алдын-ала біліп, ескерту жасаған және сол кездегі дағдарыста жүздеген млн табыс тапқан Майкл Берри алдағы нарықтағы құлдырау туралы дабыл қағады.

Дүниендегі ең ірі қаржылық компания "Berkshire Hathaway"-дың вице-президенті, әлемдегі ең табысты инвесторлардың бірі Чарли Мунгер қазіргі қаржылық жағдай туралы "бұл жарылатын көпіршіктің белгісі" дейді.

Бостондағы ГМО-ның негізін қалаушы және бас инвестициялық стратег Джереми Грантэм "акциялар мен бағалаулар эпикалық көпіршікке айналды,  экономика 1929 және 2000 жылдардағы апаттармен қарайлас күйреуге ұшырайды" деп санайды.

Миллиардер инвестор, әлемдегі ең ірі хедж-қор "Bridgewater Associates"-тің негізін қалаушы Рэй Далио алда құлдырау болатынын айтты және оны 1929 жылғы дағдарыспен салыстырды.

Төменде сарапшылардың неліктен 2021 жылы қаржылық дағдарыс болатынын болжау себебі қысқаша берілді.

Сарапшы Майкл Берри Twitter парақшасында қаржылық құлдырау туралы бірнеше рет ескерту жариялады.

Майкл Берри 2008 жылы тұрғын үй нарығы құлдырайтынын алдын ала біліп, сол арқылы жүздеген млн доллар табыс тапты. 13 жыл өткен соң ол тағы да ескерту жіберіп жатыр. Ол индексті инвестициялау, акциялар топтамасы және бос ақша қор нарығында баға тұрғысынан өсуге әкеп соғады деп ойлайды және бұл тұрақсыздық болуы мүмкін деп ескертеді.

“Спекулятивті қор, көпіршіктер, сайып келгенде, бәс тіккендер тым көп қарыздар болып жатқанын көрсетеді”, “Нарық пышақтың ұшында тұр”, “Адамдар өткен жолы мені ескертпеді" дейді, мен айттым, бірақ ешкім тыңдамады. Сондықтан мен бұл жолы тағы ескертемін. Десе де, ешкім тыңдамайды. Бірақ менде ескерткен дәлелдер болады" деп жазды ол Twitter парақшасында.

Бір қызығы, ол өзінің Twitter-дисплейін Кассандра деген діни қызметкерге  айналдырған. Бұл грек мифологиясында шынайы пайғамбарлыққа ұмтылысы үшін қарғыс алған діни қызметкер, бірақ оған ешкім ешқашан сенбеген. Берри өзін осы діни қызметкердің қаржылық нұсқасы деп санайды.

Ал Джереми Грантэм дағдарыстың себебі ретінде АҚШ федералдық резерв жүйесінің пайдасыздығын түсіндіріп, саясат, америкалық капитализм жағдайын сынайды.

Рэй Далио не үшін 2021 жылы 2008 жылғы дағдарыстан да ауыр апат келетінін түсіндірді.

Рэй Далио бүгінгі экономикаға қатысты мәселелерді 2008 жылдан гөрі көбірек себептермен талдайды. Ол әлемдегі ең ірі инвестициялық хедж-қордың негізін қалаушы, 150 миллиард доллардан астам активтері бар. Рэй Далио  қазіргі нарықтағы көптеген кемшіліктердің туындағанын мәлімдеді және байлықтың алшақтығы туралы айтты. Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық күшейіп келетінін ескертті. "Негізінен 1987 жылдан бастап  экономиканың нығая бастағанын байқадық! Көптеген адамдар жұмысынан айырылып, кедейленді, пандемиядан кейін де, ең бай 10 миллиардер 540 миллиард долларлық дәулетке ие болды. Енді бұл байлар мен кедейлердің арасындағы шиеленісті тудырды және бұл жүйені шайқалтатын факторларының бірі" дейді ол.

Сонымен қатар, ол құндылықтар алшақтығын тілге тиек етті. Өсіп келе жатқан бұл айырмашылық адамдарды екі түрге бөлгенін айтады. 

Ол "Мемлекеттердің сыртқы қарызы өте жоғары деңгейде ұлғайғаны қауіпті арттырып жатыр" дейді.

"Сонымен, мемлекеттер ақша шығаруға тура келетін орталық банктерге жүгініп жатыр. Оларда шынымен таңдау мүмкіндігі жоқ. Олар қарызды төлеуге мәжбүр болды, жұмыссыз адамдарға тегін ақша беріп, онсыз өмір сүре алмайтын кәсіпкерлерге несие береді. Әдетте, қарызды төлеудің дұрыс әдісі - көп өндіру. Сіз өзіңіздің бизнесіңіздің көбірек сатқанын, жаңашыл болғанын, көбірек пайда тапқанын, салық төлегенін және сол арқылы қарызды төлегенін қалайсыз. Тек ақша басып шығару арқылы ғана емес, ол бүкіл алаңдаушылықты тудырады" дейді ол. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: дағдарыс 2021

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір