• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:32:48
Алматы
+35°

Фото: Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті/видеодан скриншот

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Шапағат" базарынан өрт шықты. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент мәліметінше, 2 сәуір сағат 22:30-да өрт сөндірушілерге Сарыарқа ауданы Бөгенбай батыр даңғылы 69 мекенжайында орналасқан Шапағат базары өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.

"Өрт сөндірушілер жеткенде, 50 шаршы метр аумақта шатыр мен қаптаманың өртеніп жатқаны анықталды.

Ғимарат іші өртенбеген. Зардап шегушілер мен қаза болғандар жоқ. Жедел штабы құрылды. Өрт орнына қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 8 бірлік техникасы мен жеке құрамның 32 адамы жұмылдырылған" делінген хабарламада.

Департамент мәліметінше, сағат 23:15-те өрт толық ауыздықталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір