• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 12:46:40
Алматы
+35°

Қытай Халық банкі мен Гонконг ақша-несие мекемесі цифрлық юаньды трансшекаралық пайдалану үшін "техникалық сынақтан" өткізуді бастады

Қытайдың орталық банкі мен оның Таиландтағы және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі әріптестері арасында да халықаралық ынтымақтастық жеделдеді.

Қытай орталық банкі цифрлық валютаны дамытуда әлемдік көшбасшы есептеледі.

200 миллион юань (30,4 миллион АҚШ доллары) бүкіл ел бойынша, оның ішінде Шэньчжэнь, Сучжоу және Бейжің қалаларында пилоттық жобаларға таратылды.

"Тәуелсіз цифрлық валюта арқылы электрондық төлемдер негізінен шағын бөлшек сауда мақсаттарына арналған болса да, трансшекаралық қолданыс болуы мүмкін" дейді Қытай Халық Банкі зерттеу бюросының жетекшісі Ван Син.

— Шарттар жүйеленіп, нарықтық сұранысқа ие болған кезде, цифрлық юаньмен трансшекаралық операцияларды шешуге болады, — деді ол Бейжіңде өткен брифингте. 

Бұған дейін Қытайдың цифрлық валютаны дамытатыны туралы хабарланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір