• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:25:35
Алматы
+35°

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Қанат Тұрдиевтің жаңа қаулысы бойынша облыс коронавирус таралуына байланысты 15 сәуірге дейін толығымен жабылды. 

Қаулыда облыс аумағына кіріп-шығуға рұхсаты барын растайтын құжаты бар азаматтарды қоспағанда, адамдардыңоблыс аумағына  келуіне, облыс аумағынан кетуіне тыйым салынатыны жазылған.

Төмендегі адамдарға санитариялық бекеттер арқылы кедергісіз кіріп-шығуға рұқсат етілген:

– халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының, медициналық, санитариялық-эпидемиологиялық, құқық қорғау, арнайы жедел және авариялық қызметтер қызметкерлері;

– медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін адамдар;

– карантиндік стационарларда емделуде және бақылауда болған адамдар;

– транзиттік жолаушылар мен жүктерді автотасымалдаушылар;

– вахталық қызметкерлерді тасымалдайтын көлік құралдары және т.б.

Қаулының толық нұсқасы мына жерде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір