• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:25:28
Алматы
+35°
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 31 наурыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
 
Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1873 жағдай тіркелген. 14 адам қайтыс болған. Коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 246 854 адамға жетті жетті. Бір тәулікте 1219 науқас инфекциядан жазылып шыққан. Барлығы 220 313 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шыққан.
 
1 сәуірдегі мәлімет бойынша, 25 156 адам короновирус инфекциясынан (23 481 коронавирус және 1 675 пневмония) емделіп жатыр. Олардың ішінде 8 590 пациент стационарда, 16 566 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
 
Індетке шалдыққандар арасында шалдыққандардың арасында 348 адамның жағдайы ауыр, 83 пациенттің жағдайы өте ауыр, 52 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
 
 
2021 жылғы 30 наурыздағы мәлімет бойынша COVID-19 белгілері бар пневмонияның 93 жаңа жағдай тіркелген. 4 жағдай өліммен аяқталған, 215 адам жазылып шыққан. 2020 жылғы 1 тамыздан бүгінге дейін 50 618 адам пневмония жұқтырған. Олардың 48 251-і жазылып, 692-і өлген.
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір