• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

21 Қаңтар, 16:21:12
Алматы

"NATO соғыс ұшақтары мен Ресей бомбалаушылары бірнеше рет бетпе-бет келді" деп хабарлады Business Insider басылымы. 

Ақпаратқа сәйкес, NATO-ның жойғыш ұшақтары Солтүстік Атлантика, Солтүстік теңіз, Қара теңіз және Балтық теңізі үстінен ұшу кезінде ресейлік бомбалаушы ұшақтармен 10 рет бетпе-бет келген.

Хабарлама бойынша, 6 сағаттың ішінде NATO әскерилері Ресей әскери авиациясының алты түрлі тобына кезіккен. 

Норвегиялық және бельгиялық соғыс ұшақтары, сондай-ақ британиялық бомбалаушылар Ресей жойғыш ұшақтармен кезіккен.

"Қара теңіз үстінде ресейлік әскери ұшақтардың үш тобына түрік, румын және болгар жауынгерлері бетпе-бет келді. Ал италиялық истребительдер Балтық теңізінің үстінде ресейлік теңіз патрульдік ұшағын көрді. Бір күнде Ресейдің көптеген соғыс ұшақтармен NATO әскерилерінің бетпе-бет келуі әдеттен тыс" деп хабарланды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: NATO Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір